04.11.2019, 11:47
Оқиғалар
Қостанай облысында автобус трактормен соқтығысып, екі адам қаза тапты
Вахталық автобустың ішінде жұмысшылар болған
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облысында тас жолда автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды alau.kz.
Куәгерлердің айтуынша, автобус тракторға соғылған. Қоғамдық көліктің ішінде жұмысшылар болыпты.
«Екі адам қайтыс болып, үш адам жарақат алған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Рудный қалалық ауруханасының бас дәрігері Талғат Қайкенов медициналық көмекке 14 адамның жүгінгенін, оның екеуі ауыр халде жатқанын айтты.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат