$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2019, 15:33
Оқиғалар

Алматы облысында ер адам туысын басынан атып өлтірді

36 жастағы ер адам өзінің туысын аңшылық мылтықпен атып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап

Алматы облысында ер адам туысын басынан атып өлтірді
Фото: ашық дереккөзден

Есік қаласының тұрғыны - 41 жастағы ер адамның мәйіті 2-қараша күні Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылындағы жеке үйден табылды.

Полиция марқұмның денесінен зорлықпен өлтіру белгілерін тапты. Ер адам басынан жарақат алған.

«Ізестіру нәтижесінде марқұмның туыстарының бірі ұсталды. Күдікті ер адам да сол ауылда тұрады. Ол туысы екеуінің арасында қызғаныштан жанжал болғанын айтты. Сөйтіп күдікті зардап шегушіге 16 калибрлі мылтықтан оқ атқанын мойындады. Қару табылып тәркіленді, сондай-ақ, іс материалдарына заттай айғақ ретінде тігілді», - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы яғни, «Кісі өлтіру» бойынша тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары