Шымкентте бір отбасының екі бірдей бүлдіршіні тағамнан уланып көз жұмды

Жарияланған:
04.11.2019, 09:53

Өлімнің нақты себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

Әкесінің айтуынша, 3 қараша күні таңғы 4:40 шамасында жедел жәрдем қызметі келген. «Тамақтан улану» диагнозын қойып, ем тағайындаған. Жағдайлары нашарлай бастаған соң тағы да жедел жәрдем қызметін шақырған. Ақ халаттылар анасы мен үш баласын қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген, деп хабарлайды КТК. 

«Сағат 11-00-де жұқпалы аурулар ауруханасында 2015 жылғы бала қайтыс болды. Кейін сағат 14-00-де токсикология бөлімінде 2018 жылы туған бала көз жұмды. Өлімнің себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды» - деп мәлімдеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Анасы мен қызы қазір Шымкент қалалық гипербариялық оксинациялық орталығында ем қабылдап жатыр. Бас дәрігер Мадина Сейфоллақызының айтуынша, қазір жағдайлары қалыпты. Науқастардың дәл неден уланғаны әзірге анықталмаған көрінеді. Әкелері үй маңындағы дүкеннен тұшпара (жартылай фабрикат) алып жегендерін айтқан. Содан кейін отбасы мүшелерінде құсу, іш ауырсыну басталған.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Иракта жойқын жарылыс болды
Қару асынып, видеоға түскен жігіттің кім екені анықталды
Меркі ауданының бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.