13.07.2026, 12:01
Оқиғалар
Шығыс Қазақстанда жер үй өртеніп, ерлі-зайыпты зейнеткерлер қаза тапты
Өрт Глубокое ауданындағы ауылда болған
Фото: pixabay
Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданында жер үй өртеніп, ерлі-зайыпты зейнеткерлер қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстың төтенше жағдайлар департаменті агенттікке осы оқиғаны растай отырып, өрттің мән-жайын баяндады.
«Глубокое ауданы Уваров ауылында жер үйден өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше 1948 жылғы ер адам далаға шығып үлгерген. Алайда, ол түтінге уланып, дәрігерлердің жедел әрекетіне қарамастан, көз жұмды. Ал, өрт сөндірушілер өрт сөндірген кезде 1953 жылғы әйелдің мәйітін тапты», - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, өртеніп кеткен үй ерлі-зайыптың өз үйлері. Өрт 80 шаршы метрге таралған. Қазір мамандар өрттің себебін анықтап жатыр.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 16:45
Павлодардағы моншалардың бірінде сыраға масайған әйел жас қызметкерді соққыға жықты
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады