$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2020, 12:16
Оқиғалар

Павлодар облысында мас адам байланыс операторына хабарласып, өзінің жертөледе байлаулы жатқанын айтқан

Ол мұндай қадамға жалғыздықтан жалыққаннан барған

Павлодар облысында мас адам байланыс операторына хабарласып, өзінің жертөледе байлаулы жатқанын айтқан

Павлодар облысында спирттік ішімдік ішіп алған ер адам «Теле-2» операторына хабарласып, өзіне көмек керектігін айтқан. Байланыс қызметкері дереу полицияға хабар беріпті.

Қоңырау шалған ер адам өзін таныстырмаған және аяқ-қолының байлаулы екенін, оны жертөледе белгісіз адамдардың ұстап отырғанын айтыпты. Байлаулы болғандықтан басқа адамға қоңырау шала алмай отырмын деп сендірген.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қоңырау шалған адам анықталды. Өз қылығын ол жалғыздықта ішімдік ішіп отырып, мобильді операторына қоңырау шалып, ойдан шығарған оқиғаны айтуды шештім деп түсіндірді. Қаскүнем өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ол ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары