Студенттің аяғы жұлынып кеткен: полиция жол апатына қатысты түсініктеме берді

Полиция департаментінің басшысы 17 жастағы бозбаланы қаққан көлік жүргізушісінің тергеу абақтысында отырғанын айтты

Фото: azh.kz

Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев «17 жастағы бозбаланы қағып өлтірген жүргізуші бостандықта жүр» деген қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputniknews сайтына сілтеме жасап.

Үмбетқалиевтің айтуынша, мамандандырылған тергеу сотының қаулысына сай, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, тергеу абақтысына қамалған.

Оның мәліметінше, қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаментінің басшысы азаматтарды әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратпауға шақырды және бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын айтты.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 21 қыркүйекте болғант еді. Жасөспірім жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан сәтте, жүйткіп келе жатқан көлік бозбаланы қағып өлтірген.

Куәгерлердің дерегінше, қатты соққыдан жігіт ондаған метрге ұшып кеткен, аяғы да жұлынған.

Жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші бес жылға дейін сотталып, сонша жылға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылуы мүмкін.

Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты