25.07.2020, 22:57
Оқиғалар
Атырау тұрғыны баласымен бірге өзенге секіріп кетпек болды
Әйел отбасылық жанжалдан кейін суицид жасамақ болған
Фото: ашық дереккөзден
Атырауда әйел баласымен бірге көпірден секіріп кетпек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ұлттық ұланның «Батыс» аймақтық қолбасшылығына сілтеме жасап.
«Оқиға 24 шілде күні түнде болған. Ұлттық ұлан жауынгерлері қоғамдық тәртіп күзетінде жүргенде қараңғыда орталық көпірде тұрған әйел мен баланы байқап қалған. Олар бұл жағдай туралы әскери жасаққа хабарлап, полицияның кезекші экипажын шақырған. Олардың әрекетінің арқасында әйел көпірге секіру туралы ойынан айныды. Олар әйелді баласымен бірге қауіпсіз жерге апарды», - деп жазылған хабарламада.
Әйел отбасылық жанжалдан кейін Жайық өзеніне секіріп, суицид жасамақ болған.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)
08.10.2026, 21:27
Непал мен Тибетте жоғалған қазақстандықтар туралы тың мәлімет шықты