$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2020, 22:17
Оқиғалар

Таразда алты жасар бала оныншы қабаттан құлап қайтыс болды

Жыл басынан бері қалада 5 бала терезеден құлаған

Таразда алты жасар бала оныншы қабаттан құлап қайтыс болды
Фото: баспасөз қызметінен

Таразда 6 жасар бала оныншы қабаттағы терезеден құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«25 шілдеде ата-анасының қарауынсыз қалған алты жасар бала он екі қабатты тұрғын үйдің 10-қабатының терезесінен құлап, сол жерде қайтыс болды», - деп жазылған хабарламада.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың басынан бері Таразда 5 бала терезеден құлап кеткен. Департамент мамандары тұрғындар мен ата-аналарды сақ болуға шақырады.

«Терезелерге блокаторларды орнатыңыздар! Ешқашан шыбын-шіркей торына сенім артпаңыздар! Бала өзін қауіпсіз сезініп, оған сүйенуге ұмтылады. Көбіне балалар осы тормен бірге құлайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары