Атырау облысында шартты түрде сотталған бес адам түнде көшеге шыққаны үшін түрмеге қамалды (ВИДЕО)
Олардың тәртіп бұзғанын прокуратура анықтаған
Атырау облысының прокуратурасы әртүрлі қылмыс жасағаны үшін шартты түрде сотталған бес адамды түрмеге қаматты. Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, олар пробация тәртібін бұзған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шартты түрде соттау, бас бостандығын шектеу және мерзімінен бұрын шартты түрде босату - мемлекеттің қылмыстық саясатындағы ізгі амалдардың бірі. Бірақ, Алайда, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалғандар уәкілетті органның ескертулеріне қарамастан, пробациялық бақылау талаптарын өрескел бұзған, яғни, түнгі уақытта тұрғылықты жерінен кетіп қалған, әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Прокуратураның апелляциялық өтінішхаттары негізінде 5 сотталған адам жазасының қалған бөлігін одан әрі өтеу үшін түзеу мекемелеріне қамалды», - деп хабарлайды Атырау прокуратурасы.
Айта кетейік, жуырда Қарағанды облысында да шартты түрде сотталған әйел қайтадан түрмеге қамалған еді.