Алматыда жер сілкінді
Тиісті мемлекеттік органдарға жедел түрде хабар берілген
Алматыда жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан алдын ала мәлімет бойынша, жер асты дүмпулері мегаполисте шамамен сағат 21:22-де тіркелген. Төтенше қызметтердің хабарлауынша, оқиға туралы ақпарат түскен сәттен бастап жауапты мекемелер жедел жұмысқа кіріскен.
«ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі алынған деректерді өңдеп жатыр. Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді», – деп мәлімдеді министрлік.
Сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 316 шақырым жерде орналасқан. Ошақтың тереңдігі 30 шақырым болған.
Мамандар еліміздің өңірлерінде жер асты дүмпулерінің сезілу деңгейі туралы нақты мәлімет ұсынды (MSK-64 шкаласы бойынша).
4 балдық жер сілкінісі:
- Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында тіркелді.