04.06.2026, 23:27
Оқиғалар
Павлодарда төрт жастағы бүлдіршін үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Дәрігерлердің алдын ала қойған диагнозына сәйкес, қыздың ішкі ағзалары соғылып, миы шайқалған
Фото: istockphoto.com
Павлодарда төрт жастағы қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 4 маусым күні болған. 2021 жылы туған бала биіктен құлағаннан кейін Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
«Жедел жәрдем шақырылғаннан кейін бала травматологиялық пунктке жеткізілді. Қызды мамандар қарап, қажетті диагностикалық тексерулер жүргізді», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық балалар ауруханасы.
Дәрігерлердің алдын ала қойған диагнозына сәйкес, қыздың ішкі ағзалары соғылып, миы шайқалған.
Қазіргі уақытта бала хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды