$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2020, 15:25
Оқиғалар

Атырау облысында ЖШС директорының орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Атырау облысында ЖШС директорының орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
Фото: Батыржан Беспаев

Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ЖШС директорының орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-б. 3-б. 1-тармағы бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды.

Аталмыш тұлға өз қызметтік бабын пайдаланып, «Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжі» МКҚК-ның оқу ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген 4,7 млн теңге сомасындағы бюджеттік қаражатты жымқырған.

Күдіктінің кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған айғақтармен дәлелденіп, Атырау облысының сот сараптамасы институты келтірілген шығын сомасын растады.

Индер аудандық сотының үкімімен, кәсіпорын директорының орынбасары кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары