$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2020, 18:17
Оқиғалар

Түркістан облысында алкогольді ішімдікті қолдан жасаған ауыл тұрғыны анықталды

Тінту барысында көлемі 0,5 литрлік 64 бөтелкеден жалған ішімдік анықталған

Түркістан облысында алкогольді ішімдікті қолдан жасаған ауыл тұрғыны анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қолдан алкоголь жасайтын өндіріс орындарын анықтау және жоюға бағытталған жедел-іздестіру шарасы барысында Төлеби ауданында астыртын суррогаттық алкоголь өнімін жасайтын цех жұмысын анықтады. Көксай ауылының тұрғыны ішімдікті жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдана отырып жасаған.

Тінту барысында «Пшеничная» маркалы, көлемі 0,5 литрлік 64 бөтелке жалған ішімдік анықталып, тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚМ 233-бабының 2-бөлімі (Көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу) бойынша тергеу ісі басталды. 

Серіктес жаңалықтары