22.07.2020, 14:54
Оқиғалар
Атырау полицейлері «Газель» автокөлігімен жанар-жағармай тасыған 2 азаматты ұстады
Тәркіленген жанар-жағар майға сараптама тағайындалды
Полиция қызметкерлері Мақат ауданы аумағынан шыға берісте екі «Газель» автокөліктерін тоқтатып, тексеріс барысында, көліктің жанар-жағармай тиеп алғанын және сол сұйықтықты соруға және айдауға арналған құрылғыларды анықтады.
«Тексеріс барысында, 1984 және 1992 жылғы қос жүргізушінің жалпы салмағы 6,6 тонна сұйықтыққа қатысты ешқандай құжаттары болмай шықты. Тәркіленген жанар-жағармайға сараптама тағайындалды», - деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 197-бабы «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды