Табиғатта аса сирек кездесетін ақ түсті суыр фототұзаққа ілінді
Оны табиғат сақшылары соңғы рет өткен ғасырдың 70-ші жылдарында көрген
Табиғатта аса сирек кездесетін ақ түсті суыр Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі аумағында фототұзаққа ілінді, деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасы.
Сүтқоректі теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктіктегі Кіші жұрт жазығында мекен етіп жүрген жерінде таспаға түсіп қалған. Суырдың бұл түрі Қызыл кітапқа енген. Оны табиғат сақшылары соңғы рет өткен ғасырдың 70-ші жылдарында көрген. Содан бері ақ суырға аңшылық жасауға, атуға қатаң тыйым салынған болатын. Суырлардың өзге де түрін қорғау үшін Сайрам-Өгем ұлттық паркі аумағында теңіз деңгейінен 2 мың 800 метр биіктікте лагерлер жасақталды. Ақ суыр – күн мен табиғаттың әсерінен түсі өзгеріске ұшыраған суырдың түрі. Негізінен, ол Ақмешіттің бойынша мекендейді.
«Алдағы уақытта альбинос суырдың Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің территориясында мекен ететінін растау үшін парктің ғылыми қызметкерлері өз зерттеулерін арыстан қарай жалғастырады», - дейді Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің бөлім басшысы Шыңғыс Шүменов.