$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2020, 23:57
Оқиғалар

Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны 30 жыл құлдықта болған

Олар 90-жылдары құжатсыз қалған

Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны 30 жыл құлдықта болған
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны 30 жыл құлдықта болған,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап.

Франс Семерда Қазақстанға Украинадан көшіп келген. 90-жылдары бұзақылар құжаттарын тартып алған. Франс олармен бірге жұмыс істеуден бас тартқан соң, оны құлдыққа алып кеткен. 

«Мені Ерейментауға апарды. Тауда екі жыл болып, қашып кеттім. 10 жыл Қояндыда, 7 жыл басқа жерде болдым. Ақша төлемеді. Ұрып-соқты. Полицияға барып едім, олар құжатым болмағандықтан көмек ала алмайтынымды айтты», - дейді Франс Семерда.

Ал Владимир Саврухиннің құжатсыз жүргеніне 29 жыл болды. Ол 1991 жылы Қазақстанға Ресейден көшіп келген. Соңғы он жылда мал баққан.

Бүгінгі таңда екеуінің ісін «Қорғау Астана» қоры бақылауға алып, олардың құжаттарын №13 формасына тапсырып қойған. Елордалық полиция департаменті де істің бақылауға алынғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары