$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2020, 12:25
Оқиғалар

Табиғатқа залал келтірген 552 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ағаш отаған ауыл тұрғынына 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

Табиғатқа залал келтірген  552 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: ашық дерек көздерінен

Павлодар полицейлері 560 табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz

Павлодар полицейлері биыл алғашқы алты айда 865 рейдтік іс-шара өткізіп, нәтижесінде 560 табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісін анықтады. Облыстың 552 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде – балық аулау ережесін бұзған – 278 адам, аң аулау ережесін бұзған 266 адам ұсталды.

Шарбақты аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қураған ағашты заңсыз кескені үшін Галкино ауылының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жіберілді.

«Шарбақты аудандық сотының шешімімен, ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 381-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Құқық бұзушыға 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды», - делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын табиғатты қорғауға, заңнаманың белгіленген талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылатынын есте сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары