«Ұрған, шаштарын жұлып, лақтырған»: Бас прокуратура Павлодардағы 16 бүлдіршіннің ісіндегі адам сенгісіз дәлелдерді жария етті

Балаларды азаптаған тәрбиеші төрт жарым жылға сотталған

«Ұрған, шаштарын жұлып, лақтырған»: Бас прокуратура Павлодардағы 16 бүлдіршіннің ісіндегі адам сенгісіз дәлелдерді жария етті
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Жуырда біз Павлодар қаласында 16 бүлдіршінді ұрып-соғып, азаптаған тәрбиешінің соты өткенін жазған едік. Бүгін Бас прокуратура осы іске қатысты өз позициясын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Яғни, Бас прокуратура бұл істе Павлодар прокуратурасындағы қызметкерлердің ұстанымы қатаң болғанын хабарлап отыр.

«Тәрбиешінің кінәсі мемлекеттік айыптауды қолдаған прокурордың белсенді ұстанымының арқасында дәлелденді, ол даусыз дәлелдер ұсынып, ауырлататын мән-жайлар ұсына отырып, неғұрлым ауыр айып тақты», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Прокурорлар тәрбиешінің әрекетін «балаларға жасалған зорлық-зомбылық» деп бағалаған.

«Прокурор сотталған әйелдің балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін дәлелдеді. Тәрбиеші балаларды ұрып-соғып, шаштарын жұлып, лақтырып, дене және психикалық зардап келтірген», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Айта кетейік, бұл әйелдің соты 2026 жылдың 17 сәуірінде өткен. Судья осы дәлелдерді ескере отырып, тәрбиешіні 4 жыл 6 ай мерзімге соттаған. Бірақ, ол жазасын кейін өтейді. Ал, бостандыққа шыққаннан кейін 3 жыл бойы бала тәрбиесіне қатысты салаларда жұмыс істей алмайды.