$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2020, 00:52
Оқиғалар

Түркістанда заңсыз дәрі-дәрмек сатқан тұрғын ұсталды

Ол өз үйінен заңсыз ем қабылдау орнын ашып алған

Түркістанда заңсыз дәрі-дәрмек сатқан тұрғын ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері өз үйінен заңсыз ем қабылдау орнын ашып, дәрі-дәрмек сатқан тұрғынды анықтады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ынтымақ ауылының тұрғыны үйінен стандартқа сай емес, лицензиясы жоқ ем қабылдау бөлмесін ашып алып, келген науқастарға жоғары бағада дәрі-дәрмек препараттарын сатқан. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде анықталған ем қабылдау орнынан айғақ ретінде 28 түрлі дәрі-дәрмектердің 311 қорабын, 50 система, 100 шприц, 36 маска, 10 мақта тәркілеп алды», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, бүгінгі күнге дейін облыс полицейлері үстеме бағамен дәрі сатудың 25 жағдайын анықтап, 2 мыңға жуық дәрі-дәрмекті тәркілеп алған.

Серіктес жаңалықтары