Елордада ажырасқан әйелін 8 рет пышақтаған ер адам қамауға алынды
Оның үстінен тергеу амалдары жүріп жатыр

Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелін 8 жерінен пышақтаған ер адам қамауға алынды деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, тергеу аяқталғанға дейін күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда болады.
«17 шілдеде Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 1985 жылы туған жәбірленуші А. есімді әйелге қарсы қылмыс жасады деп айыпталған күдікті Қозғамбаевты 2 айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын қабылдады. Тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін «НеМолчи» қоғамдық қорының өкілдері астанада жантүршігерлік қылмыстың болғанын айтып, дабыл қаққан болатын. Олардың сөзінше, ер адам ажырасқан әйелін қаланың сыртына алып шығып, 8 жерінен пышақтап такстаған. Жәбірленушіні куәгерлер жедел жәрдем көлігіне салып жіберді. Қазір ол ауруханада.