Алматылық дәрігерлер басына оқ тиген науқасты аман алып қалды
Операция 3 сағатқа созылған

Алматы қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургтары науқасқа күрделі операция жасап, бас сүйегінен оқ алып шықты.
Басына оқ тиген 38 жастағы ер адам 16 шілдеде №4 клиникалық ауруханаға түскен. Оқ оның самайына тиген. Науқас бұл кезде есін білген және басы айналып, бір көзінің көрмей қалғанын айтқан.
«Ашық бас сүйек-ми жарақаты. Мидың ауыр дәрежедегі соғылуы эпидуральды гематомамен және маңдай-самай бөліктерімен бөгде дененің (оқтың) қысылуымен байланысты. Маңдай және самай сүйектерінің фрагменттік сынуы. Бас сүйектің рентгенограммасында қарасамай аймағындағы қара сүйектің сынуы және бас миының паренхимасының зақымдануы бар, металдан жасалған бөгде дененің табылғаны расталды», - деді Алматы қаласы №4 Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургі Тимур Айтмұханов.
Жарадан қан кету салдарынан ер адам шұғыл түрде анестезия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.
Операция 2 сағат 50 минутқа созылды. Бас сүйектен оқты алып тастау күрделі дәрежелі міндет, нейрохирургтар мидың зақымдану қаупін және оның маңызды функцияларын ескерді. Операция сәтті өтті, пациент есін жинады.