«Балалар ұйықтап жатқан»: Қызылордада полицей өртеніп жатқан пәтерден екі баланы аман алып шықты (ВИДЕО)

Өрт көп қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында болған

«Балалар ұйықтап жатқан»: Қызылордада полицей өртеніп жатқан пәтерден екі баланы аман алып шықты (ВИДЕО)
Фото: Polisia.kz

Бүгін Қызылорда қаласындағы биік үйлердің біріндегі төртінші қабаттан өрт шығып, арты қайғылы жағдайға ұласа жаздаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, өрт балконнан тарап, бүкіл пәтерге тарала жаздаған.

«Таңғы сағат 10:30 шамасында Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты — жалын төртінші қабаттағы пәтердің балконынан тараған. Сол маңнан өтіп бара жатқан полиция қызметкері Нұржан Нағашыбай дереу көмекке ұмтылған. Еш ойланбастан өрт ошағына қарай бет алған ол өрт сөндірушілерді күтпей-ақ түтінге толы пәтерге кіріп, жалынды сөндіре бастаған», - деп хабарлайды полиция.

Дереккөзге сүйенсек, жалын шарпыған пәтердің ішінде екі бала ұйықтап жатқан екен. Нұржан Нағашыбай дер кезінде келмегенде, балалар көк түтінге тұншығып қалар еді.

«Полицей пәтердегі екі баланы оятып, қауіпті аймақтан алып шығып, тілсіз жаудан аман алып қалды. Оның батыл әрі жанқиярлық әрекеттерінің арқасында екі бала қазір жақындарының қасында», - деп хабарлайды полиция.

Естеріңізге сала кетейік, 12 сәуір күні түнде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шығып, үш бала қаз тапқан.