13.04.2026, 17:45
Оқиғалар
«Әкесі қанжоса баласын көтеріп жүр»: Ботақарада үш жасар баланың басына Мәдениет үйінің кірпіші құлап кеткен (ВИДЕО)
Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: ЖИ © freepik.com / Mition Julia
Қарағанды облысы Ботақара кентінде үш жасар бүлдіршіннің басына Мәдениет үйінің қабырғасындағы кірпіш құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желідегі видеоға қарасақ, әкесі басы қанжоса баласын көтеріп, ауруханаға өзі әкелген. Бүлдіршіннің жарақаты өте ауыр.
Қарағанды облысының полиция департаменті әлеуметтік желідегі осы видеоға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Іс Қылмыстық кодекс аясында тергеледі.
«Жараланған бала қазір ауруханаға. Оған дәрігерлер ота жасап жатыр. Оқиға орнына тергеу тобы жетіп, айналаны тексеріп жатыр», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды