07.04.2026, 11:30
Оқиғалар
«Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы еді»: Алматыда жоғалып кеткен Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды
Марқұмның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз
Фото: Жазира Бегалы
2026 жылдың 24 наурызы күні Алматыдағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.
«Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз.Естеріңізде болса, туыстары Баир 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы», деп жазды Жазира Бегалы.
Біз осы өлім фактісіне қатысты Алматы қаласының полиция департаментіне ресми сауал жолдадық.
Айта кетейік, Гүлнар Сиқымбаеваның өзі 2024 жылдың күзінде қайтыс болған еді.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 14:33
Мүгедек енесін зорлаған: Алматыда күдікті ер адамның қамауға алынған видеосы жариялады
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар