07.04.2026, 11:20
Оқиғалар
Үндістанда биіктігі 18 метр аттракцион морт сынып, отыз адам жараланды
Аттракционда 80 адам отырған
Фото: istockphoto.com
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында түнгі жәрмеңке кезінде алып аттракцион құлап, шамамен 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды The Independent сайтына сілтеме жасай отырып.
Биіктігі 18 метрлік шолу дөңгелегінде шамамен 80 адам отырған. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.
Оқиға орнына дереу полиция мен алты жедел жәрдем көлігі жеткен. Зардап шеккен 10 адамның жағдайы ауыр. Қалғандары жеңіл жарақатпен құтылған.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді