Су тасқыны: ТЖМ Қазақстанның өңір-өңірінде 41 мың қап төсеп, 6 мың бөгет орнатқан
Аймақ-аймақта 8 млн тонна қар тазаланған
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынының қауіпі бар аймақтарда қап төсеп, бөгет орнатып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, бұл жұмыс 1 наурызда басталған. Осы уақыттан бері елде су тасқынына қарсы жедел штаб жұмыс істейд. Жедел штаб елдегі жағдайды тұрақты деп бағалап отыр.
«Су тасқынына байланысты жағдай ушықтыомау үшін кешенді түрде жұмыс істеп жатырмыз. ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және басқа да қызметтер 8 млн астам текше метр қар шығарып, 698 мың текше метр қар суын сорып алған. 41 мыңнан астам қап төселді, 1 млн 800 мыңнан астам метр арық және канал тазарттық, 6 мың уақытша бөгет пен үйінді тұрғыздық», - деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
ТЖМ сондай-ақ өңірде 203 учаскеде жалпы ауданы 592 мыңнан астам шаршы метр аумақта мұз жарып, 29 40 мың ойық бұрғылаған.