«Түрменің камерасын сындырған»: Қарағандыда ер адам 20 жылын қамауда өткізетін болды
Оның бұған дейінгі қылмысы туралы мәлімет жоқ
Қарағандыдағы уақытша ұстау изоляторының бейнебақылау камерасын бүлдірген ер адам бұрынғы жазасына 1 жыл мерзім қосып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция бұл адамның алдыңғы жазасын айтқан жоқ. Бірақ, ол бұған дейінгі жазасы үшін 19 жыл 6 айға сотталған екен. Осы ісінің тергеуі кезінде изоляторда отырған ол камераны бүлдіріп, екінші рет істі болған.
«2024 жылы 13 қыркүйекте ол тергеу изоляторында бола отырып, мекеме қызметкерлерінің заңды талаптарын елемей, бейнебақылау камерасын қасақана бүлдірген.
Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 20 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде белгіленді», - деп хабарлайды полиция.
Ал, изолятордың камерасын бүлдіргені үшін ол түрме басшылығына 90 мың теңге шығын өндіріп беруі керек.