«Надан, дарақы надан»: түн ішінде Алматыны «шулатқан» жүргізушілер халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)

Қазір полиция ереже бұзғандарды іздеп жатыр

«Надан, дарақы надан»: түн ішінде Алматыны «шулатқан» жүргізушілер халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Алматыдағы ірі көшелердің бірі – Саин және Мөңке би көшелерінің қиылысында, яғни, қаладағы ірі трассада ереже бұза отырып, көлікті кері қарай жүргізген жүргізушілер халықтың ашуын туғызды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде бұл видео тарала сала оқырмандар жуырда ғана осындай ережені елемейтін бір жүргізушінің кесірінен үш адам қаза болғанын еске алды. Куәгерлердің айтуынша, бұл видеодағы оқиға түнгі сағат 01.30-02.00 аралығында болған.

Видеода көрініп тұрғандай, ақ түсті, Chevrolet Cobalt маркалы көлік жолдың қақ ортасында кері қарай бұрылып алып, қатты сигнал бере жүрген. Бұл видеоны көрген полиция қазір оларды іздеп жатқанын мәлімдеген.

«Алматы қаласының полиция департаменті осы факті бойынша  тексеру бастады. Ережені өрескел бұзған жүргізушілерді міндетті түрде тауып, жазалаймыз», - деп хабарлаған полиция.

Ал бұл видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары түн ішінде ірі көшеде осылай ереже бүзу – нағыз надандық екенін жарыса жазып жатыр.