$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2020, 21:29
Оқиғалар

Түркістан облысында шөп тиелген көлік өртеніп, 9 жасар бала көз жұмды

Ол оқиға болған кезде салонда ұйықтап жатқан

Түркістан облысында шөп тиелген көлік өртеніп, 9 жасар бала көз жұмды
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Ақсукент-2 ауылында қураған шөп тиелген ГазЕЛЬ автокөлігі өртеніп, салдарынан 2011 жылы туған бала қайтыс болды деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға 12 шілде күні кешкі сағат 19:40 шамасында болған. Көліктен шыққан өрт жанындағы үйге өтіп, 300 шаршы метрлік үйдің 195 шаршы метрі өртеніп кетті. Ал, автокөлік салонында ұйықтап жатқан бала сыртқа шыға алмай қайтыс болып кетті.

«Өрт 20:49 толығымен сөндірілді. Өрт оқиғасы газельдің бортындағы жиналған шөп электр сымдарына тиіп, қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан», - делінген департамент таратқан хабарламада.

Құтқарушы мамандар облыс тұрғындарын жаз маусымында сақтық шараларын ұстанып, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары