14.07.2020, 10:09
Оқиғалар
Шымкентте атыс болып, 4 адам қаза тапты
Оқиға Пахтакор шағынауданында болған
Шымкентте қарулы қақтығыс салдарынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Еуразия» телеарнасы.
Оқиға кешкі уақытта болған. Көшеде ойнап жүрген балалар ересектерге келіп, жол бойында екі адамның өлі денесі жатқанын айтыпты. Оқиға орнына дереу полциия шақырылған.
Белгілі болғандай, оқ атқан адам сол шағынауданда тұрады екен. Ол үйінен қару алып шығып, көшеде көлікте отырған екі ер адамды атып тастапты. Артынша үйіне кіріп әйел адамды өлтірген. Соңында өзіне оқ атып, өмірмен қоштасқан. Әзірге көз жұмған әйелдің оған кім болатыны анықталған жоқ.
Полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған жоқ.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
06.11.2026, 08:22
Ауылдағы жанжал атысқа ұласты: Жамбыл облысында екі адам жараланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды