Таразда оқушы қызды қатарластары кастетпен ұрып, реанимацияға түсірген (ВИДЕО)
Анасының айтуынша, енді күдіктілердің туыстары қоқан-лоқы көрсетуге шыққан
Таразда оқушы қызды қатарластары жабылып ұрып-соққан. Анасының айтуынша, жасөсіпірім жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлемуеттік желіде тараған бейнежазбада жәбірленушінің анасы қызының жағдайы ауыр екенін айтты.
«Қызымды 25-ші мектептің 7-8 оқушысы жабылып ұрып кетті. Суық қарумен келген, кастетпен жұдырықтаған. Қызымның жағдайы ауыр, реанимациядан бір-ақ шығарды», -деді әйел.
Полиция болған оқиғаны растады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Төбелеске қатысушылардың барлығы анықталған.
Жәбір көрген қыздың анасының айтуынша, қазір зорлықшылардың туыстары отбасына қысым көрсетіп, қорқытып жүр.
«Маған күнде келіп, неше түрлі сөздер айтады. Қоқан-лоқы көрсетеді. «Өлтіріп кетемін» деп жатыр. Заңмен қорғалуды сұраймын», - деді ол.
Полиция мәлімедегендей, кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.
«Жасөспірімдердің әрекеттері кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралды. Оның қорытындысы бойынша жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді ПД өкілі.