$ 489.39  567.99  6.19
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өзбекстан әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерді «қара тізімге» енгізеді

Тек физикалық емес, психологиялық қысым жасағандар да тізімге ілінеді

Өзбекстан әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерді «қара тізімге» енгізеді
Фото: iStockphoto

Өзбекстан билігі әйелдер мен балаларға әлімжеттік көрсеткендерге қарсы күресті күшейтті. Енді елде зорлық-зомбылық жасағандардың бірыңғай «қара тізімі» пайда болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжат 4 наурыздан бастап ресми күшіне енген. Podrobno.uz мәлім еткендей, бірыңғай базаға тек физикалық күш көрсеткендер емес, сонымен қатар психологиялық қысым жасағандар, қоқан-лоққы көрсетіп, сес көрсеткендер, әйелдер мен балалардың бостандығын шектегендер енгізіледі.

Ішкі істер органдары мен прокуратура «қара тізімге» іліккендердің әрбір қадамын жіті қадағалауға міндеттелді.

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балалар үшін әлеуметтік қорғау жүйесі күшейтіледі. Олар медициналық көмек, психологиялық және заңгерлік қолдау ала алады. Осылайша, «қара тізім» тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әйелдер мен балаларды қауіпсіздігін қорғауға көмектесуі тиіс.