$ 489.39  567.99  6.19
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Теміртаудағы жасырын криптоферма 185 млн теңге пайда тапқан

Сот бұл ақшаны түгел тәркіледі

Теміртаудағы жасырын криптоферма 185 млн теңге пайда тапқан
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысы Теміртау қаласында жұмыс істеген жасырын криптоферма 185 миллион теңгеге тең майнинг өндірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы мониторинг агенттігінің Қарағанды облысындағы департаменті осы ферманы ашқан Толовов есімді азаматты ұстады. ол 2021 жылдың тамызынан бері тиісті лицензия алмай, жасырын криптоферма ашқан.

«Ол схеманы жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясынан 156 бірлік майнинг жабдығын сатып алып, оны өз өндірістік базасына орналастырған. Толовов цифрлық активтерді криптобиржадағы аккаунтында жинап, кейін оларды «BinancePool» және «Litecoinpool.org» майнинг пулдары арқылы сатқан. Сауда P2P-аударымдар арқылы, USDT-ны теңгеге айырбастау арқылы жасалған», - деп хабарлайды

Жалпы өндірілген активтердің көлемі 185 миллион теңгеге тең.

«Сот үкімі бойынша оған бір жылға бас бостандығынан айыру және барлық майнинг жабдығын конфискациялау түрінде жазалау тағайындалды. Сонымен қатар, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 185 миллион теңге қайтарылды», - деп хабарлайды ҚМА.