$ 491.59  572.16  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құтқарушылар қатты боран мен аяз кезінде 17 адамды Астанаға аман-есен жеткізді (ВИДЕО)

Олар Астана-Қарағанды тас жолының бойында кептеліп қалған

Құтқарушылар қатты боран мен аяз кезінде 17 адамды Астанаға аман-есен жеткізді (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Кеше хабарлағынымыздай, Астана-Қарағанды тас жолында жеті көлік соқтығысып, бір адам қаза тапқан еді. Осы апаттың салдарынан тас жолдағы өзге көліктегі жолаушылар боран мен аязда далада қалған. ТЖМ-ның құтқарушылары жиырмашақты адамды Астанаға аман-есен жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, жолда қалған жолаушылар Астананың құтқарушыларына телефон соғып, ауа райының қолайсыздығына байланысты өиын жағдайда қалғандарын айтқан еді.

«Құтқарушылар Жалтыркөл ауылының маңында қалған адамдарды үлкен техникамен  эвакуациялады. Осылайша, 17 адам аман-есен Астанаға жеткен», - деп хабарлайды ТЖМ.

Осы ретте құтқарушылар халыққа құтқару қызметінен келетін хабарламаларды мұқият оқып, ауа райының болжамын бақылап отыруға шақырды.