$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дала алай-дүлей: Астана-Қарағанды тас жолында жеті көлік соқтығысып, бір адам тіл тартпай кетті (ВИДЕО)

Жол апаты бүгін, 10 наурыз күні түскі сағат 11:00-де болған

Дала алай-дүлей: Астана-Қарағанды тас жолында жеті көлік соқтығысып, бір адам тіл тартпай кетті (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Бүгін, 10 наурыз күні «Астана-Қарағанды» тас жолында жеті көлік соқтығысып, бір адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұл ақпаратты редакциямызға Қарағанды облысының полиция департаменті растады.

«Ауа райына қатысты бірнеше рет ескерту жасалса да кейбір жүргізушілер ұзақ жолға шығып жатыр. Бұның салдарынан жол апаттары орын алады. 10 наурыз күні сағат 11:00 шамасында Астана-Қарағанды тас жолының бойында, Ошағанды ауылының жанында Қарағанды бағытына қарай бет алған жеті көлік соқтығысып қалды. Жол апатының себебі – ауа райының қолайсыздығы: тас жолда боран күшейіп, жол тайғақ болған», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, алдын ала болжам бойынша бораннан жол көрінбей, жеті көлік бірінің артына бірі соғылған.

«Бірінші Chevrolet Nexia көлігі Chery Tiggo маркалы көлікке соғылған. Одан кейін ол көлікке Toyota Land Cruiser көлігі келіп соғылған. Оның артынан жүк көлігі, жүк көлігіне «ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметтік көлігі соғылды. Артынан УАЗ Hunter көлігі де жол апатына түсті. Апат салдарынан Toyota Land Cruiser көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлайды Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөз бұл көліктердің барлығы республдикалық трассаға шектеу енбей тұрып жолға шығып кеткенін ескертіп отыр.

Қазір оқиға орнында жол полициясы мен жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл қызмет етіп жатыр.