20.02.2026, 13:50
Оқиғалар
«Сонда күніне 4 сағат жұмыс істеймін ба?»: Ақтөбеде рэпер Qarakesek сотталып кетті
Сот оған 100 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасын кесті
Фото: instagram.com/qarakesek_west/
Ақтөбе соты есірткіге мас болған күйде көлік жүргізген әнші, «Qarakesek» деген лақап атымен танымал Омар Амантаевты 100 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасына соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті «Диапазон» сайтының мәліметіне сүйенсек, әнші сот шешіміне наразы болғандай күй танытқан.
«Сонда мен күніне 4 сағат жұмыс істеуім керек пе? Онда мен концертке шыға алмаймын ғой, ал ол менің ақша тауып отырған жұмысым ғой», - деген әнші.
Сот бұл мәселелердің бәрі пробация қызметімен шешілетінін еске салды.
Сот шешімі әзірге күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
06.07.2026, 12:45
Ертіс жағасында жоғалып кеткен бойжеткен дронның көмегімен табылды
06.07.2026, 06:26
Норвегия сенсация жасап, Бразилияны әлем чемпионатынан шығарды
06.07.2026, 10:31
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
06.07.2026, 07:27
Қазақстанда 6 шілдеде аптап ыстық сақталады
06.07.2026, 08:10
Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады
06.07.2026, 14:15
Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды