$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бір айдан кейін босанады»: Жамбыл облысында «КамАЗ» жүргізетін көпбалалы әйел қарға батып қалды (ВИДЕО)

Оған полицейлер көмекке келген

«Бір айдан кейін босанады»: Жамбыл облысында «КамАЗ» жүргізетін көпбалалы әйел қарға батып қалды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Жамбыл облысында ауа райы бұзылып, қалың қар жауған. Аймақ бойынша 2200 жүк көлік қарға батып қалған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Полиция жолда қалған жүргізушілер арасында аяғы ауыр Оксана Шевчукті ерекше мысал етіп, видеоға түсірген. Жүкі келіншек әрі көпбалалы ана жүк көлігін жүргізіп, алыс жолға сапарлап жүр.

«Жуалы ауданы Күйік асуында полиция қызметкерлері қарлы боранға байланысты жолда қалған жүк көлігінің жүргізушісі Оксана Шевчукке көмек көрсетті. Көпбалалы ана қазіргі уақытта жүктіліктің сегізінші айында. Полицейлер оған ыстық шай беріп, тамақтандырған соң, жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етті», - деп жазады полиция.

Оксана Шевчуктің өзі болса екі күннен бері жолда тұрғанын аса сабырмен айтқан. Әйел денсаулығына шағымданған жоқ. Көмекке келген полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, боран басылғанша көрші ауылда күткен.