$ 490.58  584.77  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екі жұмысшының өлімі: жазатайым оқиғалар «Қазфосфат» зауыттарында болмаған

Бұл зауыттардың қазір компанияға қатысы жоқ 

Екі жұмысшының өлімі: жазатайым оқиғалар «Қазфосфат» зауыттарында болмаған
Фото: istockphoto.com

Ақпан айының басында, дәлірек айтқанда, 2 ақпан күні Azattyq Rýhy редакциясы Halyqstan телеграмм-арнасына сілтеме жасай отырып, Жамбыл облысында «Қазфосфатқа» тиесілі зауыттарда екі жұмысшы қаза тапқанын жазған еді. Кейін редакцияға хабарласқан компания бұл мәліметтерді жоққа шығарды. 

Анықталғандай, жұмысшылар қаза тапқан «Новоджамбул» фосфор зауыты мен жазатайым оқиға болған екінші мекеме әлдеқашан «Қазфосфат» компаниясынан бөлініп кеткен. «Қазфосфат» редакцияға ресми құжаттар ұсына отырып, бұл сөзіне дәлел келтірді. Яғни, бұрын бұл мекемелер бір ірі мекеменің мүшесі болса, қазір олардың әрқайсысы жеке-жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. 

Сондай-ақ, компания минералды тыңайтқыштар зауытындағы жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылғанын да хабарлап, комиссияны құру туралы бұйрықтың көшірмесін көрсетті. 

Сондықтан, редакция ресми түрде бұл екі өлім «Қазфосфат» зауытына қарасты мекемелерде болғанын жоққа шығарады.