02.02.2026, 16:10
Оқиғалар
«Қорғас» бекеті Қытай Жаңа жылына байланысты 13 күнге жабылады
Бекеттің Қытай жағындағы қызметі уақытша жұмысын тоқтатады
Фото: «Қорғас» бекеті
Қытай Жаңа жылына байланысты Қазақстан мен ҚХР арасындағы «Қорғас» бекеті қытай тарапы жағынан 13 күнге жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы бекеттің ресми сайты хабарлады.
«ҚХР-да Қытай Жаңа жылына байланысты «Қорғас» шекара маңы бекетінің қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтауына байланысты «Қорғас» орталығы 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап 1 наурызға дейін жабық болады», - деп хабарланған ресми ақпаратта.
Осы аралықты пайдаланған Қазақстан тарапы орталықтың өз жағындағы ғимаратына жөндеу жүргізбек. «Қорғас» бекеті 2 наурыздан бастап қалыпты жұмысына оралады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
