26.01.2026, 13:50
Оқиғалар
Қарағандыда жеңіл көлік аялдамаға соғылып, бір әйелді қағып кетті (ВИДЕО)
Қала тұрғыны жол апатының видеосын жариялаған
Фото: скриншот
Қарағандыдағы Тәттімбет көшесінің бойында жеңіл көлік басқа көліктің кесірінен аялдамаға соғылып, аялдамада тұрған бір әйелді қағып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жол апаты «Кристал» тұрғын үй кешенінің жанындағы аялдамада болған.
«Бүгін, 26 қаңтар күні таңғы сағат 08:20-да Тәттімбет көшесінің бойымен келе жатқан «ВАЗ-2111» көлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан KIA Sportage көлігіне соғылмау үшін басқа бір көлікке соғылған. Ал, KIA Sportage көлігі аялдамаға соғылып, бір адамды қағып кеткен», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Көлік соққан 52 жастағы келіншекті жедел жәрдем ауруханаға апарған. Оның жағдайы әзірге белгісіз.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды