09.01.2026, 14:58
Оқиғалар
«WhatsApp-та көмек сұраған»: Қызылордада көрші жігіт баланың көзінше анасы мен әжесін өлтіріп кеткен
Полиция оны дереу қолға түсірді
Фото: Қызылорда облысының ПД
2026 жылдың 8 қаңтарынан 9 қаңтарына қараған түні Қызылорда қаласында көрші жігіт кішкентай баланың көзінше оның анасы мен әжесін пышақтап өлтірген, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бала WhatsApp арқылы досына хат жазып, «полиция шақыршы» деп шарқ ұрған. Оқиға орнына келген полиция екі әйелдің мәйітін тапты.
«Егде жастағы әйел мен оның 34 жастағы қызы пышақ жарақатынан қаза тапты. Қылмыс жасады деген күдікпен олардың көршісі ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Қылмыстың себебі анықталады», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды