Жамбыл облысында қап-қап есірткі тасып жүрген төрт адам ұзақ мерзімге сотталып кетті
Оларды көліктегі полиция департаментінің мамандары ұстап алған еді
Жамбыл облысының Шу қаласында жалпы салмағы 52 келі болатын қап-қап марихуананы тыққан төрт адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шу қалалық соты қылмыстық істегі төрт адамды да кінәлі деп танылып, оларды 7 жылдан 11 жылға дейін соттады.
«Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері тінту жүргізе отырып жалпы салмағы 53 келіден астам марихуана тәркілеген болатын. Бұл есірткі заты Жамбыл облысының аумағынан тыс жерлерге тасымалданбақ болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған адамдардың есірткі құралын кейіннен қара нарықта сату мақсатында жинаумен айналысқаны анықталды», - деп хабарлайды полиция.