08.01.2026, 17:45
Оқиғалар
Тарбағатайда WhatsApp-топқа дәрігер туралы сөз таратқан адам 500 мың теңгеге жуық айыппұл төледі
Айыпталушы кінәсін мойындамаған
Фото: Freepik
Тарбағатай аудандық соты бас дәрігердің қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқан адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың хабарламасына сай, 2025 жылғы 17 қазанда Қ. есімді адам WhatsApp мессенджеріндегі топта аудандық бас дәрігер М.-ның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан. Күдікті өз кінәсін мойындамады. Жәбірленушінің өкілі болған жағдайды растап, қатаң жазаға тартуды сұрады.
Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігіне сәйкес, кінәлі деп танып, 495 432 теңге айыппұл салды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды