08.01.2026, 18:00
Оқиғалар
Астанада 1 млн теңгеге «грант сатқан» алаяқ ұсталды
Ол жастарды жоғары оқу орнына түсіріп беремін деп уәде еткен
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Астанада 28 жастағы ер адам алаяқтық жасады деген күдікпен қолға түсті: ол оқуға түсе алмай қалған жастарды алдап, «грант алып беремін» деген сылтаумен 1 млн теңгені қалтасына басқан, деп жазады Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, ол өзін жоғары оқу орындарының делдалы деп таныстырған. Оқуға түсе алмаған адамның сеніміне кірген ол 1 млн теңге берсе жоғары оқу орнынан грант «шығарып» беремін деген.
«Алайда, бұл мүмкін емес еді. Оған ақшасын берген адам бірнеше рет өтінішін орындауды сұраған. Соңында хабар болмаған соң, алданып қалғанын түсініп, полицияға арыздаған. Полиция күдіктіні анықтады», - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Көп оқылған
19.06.2026, 11:49
Досын құтқарамын деп, өзі сотталып кетті: Щучинск тұрғыны сотта өтірік айтқаны үшін басы дауға қалды
19.06.2026, 10:02
Талдықорғанда есірткі таратып жүрген ерлі-зайыпты ұсталды (ВИДЕО)
19.06.2026, 09:28
Димаш Құдайберген соңғы қоңырауда ұстазымен бірге билеген «алтын белгі» иегеріне тосынсый жасады
19.06.2026, 14:19
Астанада қоқыс төгетін жүк көліктері дронның көмегімен табылды (ВИДЕО)