Прокурор Айзат Жұманованы азаптап өлтірген күйеуін 15 жылға соттауды сұрады
Марқұмның артында кішкентай қызы қалған
Былтыр маусымда Талдықорған қаласының Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында күйеуі Айбар Жанболаттың ауыр соққыларынан кейін жан тапсырған Айзат Жұманованың өліміне қатысты сотта жарыссөз басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарыссөз кезінде прокурор Айбар Жанболатты «Адам өлтіру» бабы бойынша 15 жылға соттауды сұрады. Ал, марқұмның анасы болса бұл «аса ауыр қылмыс әрі азаптап өлтіру» екенін айтып, бұрынғы күйеу баласын өмір бойына соттауды сұрады. Соттың соңғы үкімі әлі шыққан жоқ.
Бұған дейін сот күйеуі Айзат Жұманованы Талдықорған қалалық ауруханасына алып келген сәтінің видеосын көрген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, марқұмның туыстары өлім бола сала Айзат Жұманованың мәйітіне қарап, оның көп сағат бойы азапталғанын айтқан еді. Күйеуі әйелін екі жасар бүлдіршінінің көзінше қатыгездікпен ұрып-соққан.