08.01.2026, 15:02
Оқиғалар
«Үш сиырды артып әкеткен»: Бәйдібек ауданында ағалы-інілі екі жігіттің ұрлығы дронға түсіп қалды (ВИДЕО)
Полиция қылмыстық іс тіркеді
Түркістан облысы Бәйдібек ауданында ағалы-інілі екі жігіттің ұрлығы полицияның дронына түсіп қалған: олар біреудің қорасынан ірі қара мен біраз ұсақ малды артып кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.
Түркістан облысының полиция департаменті хабарлағандай, екі жігіт ұрланған малды Ордабасы ауданындағы бір адамға сатып жіберген. олардың аудан ішіндегі әрекеті түгелдей полицияның дронына түсіп қалған. Сол видеолардың арқасында құқық қорғау органдары ұрланған мал мен ұрылардың қайда жүргенін тез тауып алған.
Қазір полиция олардың басқа да қылмысқа бар-жоғын білу үшін сотқа дейінгі тергеу бастады.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды