$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Air Astana ұшағының бүкіл дәретханасы істен шығып, ұшқыш Бейжіңге қонуға мәжбүр болды

Ұшақ Сеулден Астанаға қарай бет алған еді

Air Astana ұшағының бүкіл дәретханасы істен шығып, ұшқыш Бейжіңге қонуға мәжбүр болды
Фото: Air Astana баспасөз қызметі

Бүгін, 8 қаңтар күні Сеул-Астана бағытында ұшқан Air Astana әуе компаниясының KC210 рейсі шұғыл түрде Бейжіңге қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ұшақ техникалық ақауларға байланысты, дәлірек айтсақ, ұшақ ішіндегі дәретханалардың бәрі істен шыққан соң, басқа елдің әуежайына қонуға мәжбүр болған.

«Ұшақ сағат Сеулден 09:25-те ұшып шығып, Бейжің уақытымен 11:50-де Бейжіңге қонуға мәжбүр болды. Әуе компаниясының мамандары дәретханаларды жөндейтін қосалқы құралдар келе сала оны жөндейді. Рейс жергілікті уақыт бойынша 01:00-де қайта ұшады», - деп хабарлайды Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары