ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Зейнетақы қорының ақшасына тіс емдету: емхана дәрігерлеріне қатысты да тергеу басталды (ВИДЕО)

Олардың сыйақы 30 млн теңге болған дейді ҚМА өкілдері

Зейнетақы қорының ақшасына тіс емдету: емхана дәрігерлеріне қатысты да тергеу басталды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Тіс емдеу үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы» артық ақшаны заңсыз шешу ісінде емхана дәрігерлеріне қатысты да тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы мониторинг агенттігінің бүгін, 6 қаңтарда таратқан ақпаратына сүйенсек, дәрігерлер жалған анықтама жазып бергені үшін шамамен 30 млн теңге сыйақы алған.

«Қаржы мониторинг агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-дан азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр. Зейнетақы жинақтары стоматологиялық қызметтер көрсету туралы формальды шарттар жасасу және кейіннен жалған медициналық құжаттар ұсыну арқылы шығарылғанын еске саламыз.Аталған көмек үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейінгі мөлшерінде заңсыз сыйақы ұстап отырған», - деп хабарлайды ҚМА.

Қылмыстық схемаға қатысқан стоматологиялық клиникалардың саны  42 клиникаға жеткен. Залал – 200 млрд теңге. 11 күдікті 2 айға қамалған, ал үш күдікті үйқамақта

«Бұдан өзге, заңсыз сыйақы алу үшін жүйелі түрде дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың (ДКК) жалған қорытындыларын берген әртүрлі медициналық мекемелердің дәрігерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады», - деп хабарлайды ҚМА.

Серіктес жаңалықтары