«Жұмысынан жібермей қойған: Кентаудағы жарылыстан студент қыздың қаза тапқаны белгілі болды (ВИДЕО)
18 жастағы бойжеткен бір ай бұрын ғана осы мекемеге жұмысқа орналасқан екен
31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Түркістан облысы Кентау қаласында газ жарылып, бір адам қаза тапқаны хабарланған еді. Белгілі болғандай, апаттан 18 жастағы студент қыз көз жұмған, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Криминалды Қазақстан» Telegram-арнасы марқұмның суреті мен сол түндегі жарылыстың видеосын жүктеген. Марқұмның туған-туысы апатқа кінәлі адамдардың жазалануын талап етіп отыр. Себебі, мекеме қызметкерлері газдың иісі қатты шықса да оларды жұмыстан босатпай қойған екен.
Жалпы, жарылыстан төрт адам жараланған. Олардың екеуі ауыр хәлде реанимацияда жатыр. Қаза тапқан бойжеткен осы қаладағы оқу орындарының бірінде екінші курс оқитыны және бұл жұмысқа небары бір ай бұрын ғана келгені белгілі болып отыр.