$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматының Алатау ауданындағы тұрғын үйден өрт шықты

Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

Алматының Алатау ауданындағы тұрғын үйден өрт шықты
Фото: ТЖМ

Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан жеке тұрғын үйдегі өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, өрт Ақбұлақ шағынауданында болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты жеке үйдің шатыры, сондай-ақ үй маңындағы қалқа астында жиналған макулатураның жанып жатқанын анықтаған.

280 шаршы метр аумақтағы өрт тоқтатылды

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында тілсіз жаудың көрші үйге таралуына жол берілмеді.

Өрт жалпы 280 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Оқиға орнында өрт сөндіру құрылғылары дер кезінде іске қосылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген.

Зардап шеккендер жоқ

ТЖМ дерегіне сәйкес, өрт салдарынан ешкім жарақат алмаған.

112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары